Табиғи жағдай күрт өзгеріп, Астана қаласында боран болып жатқаны хабарланды. Осыған орай қалада табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Астана әкімдігі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады.
Жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника жұмылдырылды.
Әлеуметтік желіде Астанадағы бораннан видеолар жарыса жарияланып жатыр. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз!