2017 жылы КХДР-ден Оңтүстік Кореяға 1127 адам қашып келген. Орташа есеппен бір айда 100 шақты адам. Мұндай мәліметтерді The Korea Herald оңтүстік кореялық министрлік бірлестігі ұсынған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 21 пайызға аз. Ведомствода бұл Қытай мен КХДР шекараларындағы бақылау күшейгеннен кейінгі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш екенін айтқан. 1948 жылдан бері КХДР-ден оңтүстікке 31 мың солтүстік кореялық азамат қашып келген. 2009 жылы қашқындар шекараны өтіп өз отандарын тастау жөнінен белсенділік танытқан. Сол жылы барлығы 2914 азамат Оңтүстік Кореяға аттанған.
Қазіргі уақытта Солтүстік Корея өз шекарасын қатал бақылауда ұстайды. Қашпақ болған солдаттар, азаматтар сол жерде өлтіріліп тасталуы мүмкін. Көрсеткіштің төмендеуі осыған байланысты.