Нұржан Әлтаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист. 2002 жылы еңбек жолын бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.
2017 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін ауылшаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.