Назарбаев Трамптың салық реформасы туралы: Мен бұны 5 жыл бұрын жасағанмын

/uploads/thumbnail/20180117014452415_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Қазақстанда 5 жыл бұрын жасалған салық реформасы туралы айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі халықаралық ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

- Президент мырза, сөзімнің қорытындысында сізді еліңіздің орасан экономикалық табысымен құттықтамауға амалым жоқ. Біз барлығын көріп отырмыз. Сіз керемет салық реформасын жүзеге асырдыңыз. Мен оныңызды қолдаймын, өйткені мен ол реформаны 5 жыл бұрын жасағанмын. Біздегі ұжымдық салық – 20 пайыз, кіріс салығы – 10 пайыз, - деді Назарбаев АҚ үйде БАҚ өкілдерінің алдында сөйлеп тұрып.

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапармен барғанын хабарлағанбыз.

Еске сала кетейік, 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығына кіріскен болатын. Қазақстан тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып, соған төрағалық етіп отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи