Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, Павлодар облысында тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерінде жел, тұман күтіледі.Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Оставить комментарий