Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180122120434583_small.jpg

Синоптиктер 2018 жылдың 23-25 қаңтарына арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қара теңіз арқылы қалыптасқан үлкен және өте суық антициклон Қазақстанның оңтүстік-шығыс бағытына көшуді жалғастыруда. Бұл антициклоннан туындаған арктикалық суықтық республиканың солтүстік және шығыс аймақтарының тұрғындарына сезілді. Келесі үш тәулікте орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарда аяз күшейеді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі температура 40-45 градусқа, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық нормадан қарағанда 10-18 градусқа суық болатынын айтады.

Еске сала кетсек, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты дауыл ескертуі 26 қаңтарға дейін сақталады. Өмір және денсаулық қауіпcіздігін қамтамасыз ету үшін тұрғындарға қысқы уақытта табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар болған жағдайда ҚР ТЖМ ұсынымдарымен таныс болған жөн.

Связанные Статьи