Өзбекстан қауіпсіздік қызметі қазақтарды жер аударып жатыр

/uploads/thumbnail/20180122135020951_small.jpg

Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі Қарақалпақстанның кейбір аудандарында тұратын қазақтарды жер аудара бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі algakarakalpakstan.com сайтына сілтеме жасап.

Деректерге сенсек, мұндай жағдайлар Қоңырат, Қараөзек, Тақтакөпір аудандары мен Қарақалпақия ауылында болып жатыр.

Сайттың жазуынша, барлық мәселе өзбектерді Ферғана мен Әндіжаннан жоғарыда аталған аудандарға көшіріп әкелуден басталған. Бұған жергілікті қазақтар наразылық білдіріп, сол үшін өзбек билігі оларды депортациялауға кіріскен.

Билік жер аударылған қазақтардың жер телімдерін тартып алған. Өзбекстан өкіметінің мұндай шешіміне жергілікті тұрғындар жаппай наразылық білдіруде. Себебі көптеген отбасы ойрандалып, қолдарындағы бар дүние-мүлкінен айырылған. Ал жер аударылмаған қазақтар қыстың көзі қырауда жылусыз және жарықсыз қалып отыр.

Сәйкесінше, ішкі Өзбекстаннан көшіріп әкелінген өзбектерді орналастыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Оларға жер телімдері бөлініп, жаңа үйлер салынған, ауылшаруашылығына арналған жаңа техникалар беріліп жатыр. Сонымен қатар өзбектерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін банктер қарастырған, дейді автор.

Жергілікті тұрғындарға кешкі тоғыздан кейін сыртқа шығуға және өзге облыстардан көшіп келген өзбектермен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлесуге қатаң тыйым салынған. Екі адамнан артық жиналып тұруға да болмайды. Аталмыш тәртіпті бұзған азаматтардың барлығын Қазақстанға депортациялау көзделген, деп жазады сайт.

Связанные Статьи