Елбасы Милош Земанға құттықтау жеделхатын жолдады

/uploads/thumbnail/20180130002013093_small.jpg
Нұрсұлтан Назарбаев Милош Земанға Чех Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Земанды Чех Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Сіздің жеңісіңіз еліңізді одан әрі дамытуды көздейтін бағытыңызға деген халық сенімінің айқын дәлелі болып саналады.

Біз биыл дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейге көтерілгеніне қуаныштымын.

Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін өзара серіктестік рухында жалғаса беретініне сенімдімін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Чехия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Оставить комментарий

Связанные Статьи