30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180130084442597_small.jpg

Республиканың барлық аумағында антициклон сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, республиканың оңтүстігінде көктайғақ болып, шығыста бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел болуы ықтимал.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің ұйытқуы - 20-25 м/с, түнде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде жел күшейеді (15-20 м/с), Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

Алматы облысында қатты аяз сақталады, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде де күшті болады деп күтілуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи