Астанада 44 нысан иесіне 12 миллионға жуық айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20170818172814521_small.jpg

Елордалық полицейлер терроризмге қатысты осал нысандарды тексеруді жалғастырып жатыр. Өткен жылы 1106 нысан тексеруден өтіп, оның ішінде 44 меншік иесіне 11 млн 980 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметіне сүйеніп. 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 149-бабы бойынша 35 әкімшілік хаттама толтырылды, ӘҚтК 463-бабы бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 11 млн 980 мың теңгені құрады», – деп хабарлады Астана қалалық ІІД экстремизм мен терроризмге қарсы күрес басқармасы.

 ҚР Үкіметі бекіткен тізімге сәйкес, адамдар көп жиналатын жерлерге қатысты: сауда үйі, қоғамдық тамақтану орны, концерт залы, спорттық кешендер, вокзал, теміржол станциясы, білім, денсаулық, құлшылық ететін ғибадатханалар, мемлекеттік органдар нысаны, почта желісі, қонақ үйлер, демалыс аймақтары, пансионаттар жатады.

Бүгінде адамдар көп жиылатын жерлердің басшылары жіберетін жиі қателіктер мыналар: нысанның терроризмге қарсы құжатының жоқтығы, қауіпсіздіктің қамтылмауы, периметр бойынша бейнекамераның жоқтығы немесе санының жеткіліксіздігі.

Полицейлер ҚР ӘҚтК 149-бабына сәйкес орындамағаны немесе адамдар көп жиылатын жерге қатысты нысанның қауіпсіздігін жеткілікті деңгейде сақталуын, терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз ету міндетін атқармағаны үшін басшылары мен қожайындарына әкімшілік айыппұл салынады, яғни жеке лауазымды тұлғаларға 100 АЕК (226 900 теңге) көлемінде. Ал коммерциялық емес ұйымдар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (453 800 теңге), орта бизнес субъектілеріне 300 АЕК (680 700 теңге) және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК (1 134 500) айыппұл салынады.

Сондай-ақ көрсетілген бап бойынша әкімшілік материалды құрағаннан кейін нысан басшыларына аталған кемшіліктерді 30 тәулік ішінде көзін жою туралы ұйғарым шығарылады. Егер осы көрсетілген мерзімде кемшіліктер жойылмаса, нысан басшысына қайтадан 462 ӘҚтК бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тағы да қосымша айыппұл төлетеді, кейбір жағдайларда нысанның жұмысы тоқтатылады. 

Связанные Статьи