Орыс ғалымы «Ахмет Байтұрсыновтың Орынбордағы жолы» атты кітап жазды

/uploads/thumbnail/20180202150858778_small.jpg

Бүгін Алматыда  «Қазақстан мен Ресей:  достық және тату көрші жолымен» атты  дөңгелек үстел өтті. Онда қазақтың қоғам қайраткері, Алаш арысы  Ахмет Байтұрсынов шығармашылығына арналған «Ахмет Байтұрсыновтың Орынбордағы жолы»  кітабының тұсауы кесілді деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Кітап авторы Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ресей тарихы» кафедрасының доценті Татьяна Ивановна Тугай еңбегінің тұсаукесері үлкен "Ғылым ордасында" өтіп жатқанына ерекше қуанышты екенін жеткізді.

Шараны ұйымдастырушы Орынбор облыстық «Халықтар достығы үйі» қоғамдық ұйымының төрайымы, «Бәйтерек» қайырымдылық қорының басқарма төрайымы Сәуле Совхозқызының айтуынша,   дөңгелек үстелдің  мақсаты -  Орынбор қазақтары қауымдастығына бұған дейін белгісіз болған Ахмет Байтұрсыновтың атын таныту, сонымен бірге Алаштың 100 жылдығына орай кітап шығару болатын.

«Көршілеріміз Қазақстанды білсін, оқу орындарымен, ғылым академияларымен таныссын деген мақсатта осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Татьяна Ивановнаны бірінші рет көріп тұрған жоқпын, онымен бұрыннан таныспыз. 20 жыл бойы Т.Ивановананың Алаш зиялылары туралы мақалаларымен, баяндамаларын оқып жинаққа жариялап жүрдік. Халықаралық форумдардың бірінде бұл кісінің А.Байтұрсынов туралы баяндамасын тыңдап, осы еңберін жинап, біріктіріп Алаштың 100 жылдығана қарай кітап етіп шығару керек деп ойладым. Былтырғы жылдың наурызында осы кітапты жарыққа шығарымыз деп шештік»,-дейді ол.

«Ахмет Байтұрсынов Орынбордағы жолы» кітабы «Бәйтерек» қайырымдылық қорының демеушілігімен 500  тиражбен жарыққа шықты. Алдағы уақытта кітап латын тілінде де жарық көреді,-дейді С. Совхозқызы.

 Іс-шараны  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Орынбор облыстық «Халықтар достығы үйі» қоғамдық ұйымы (РФ), «Бәйтерек» қайырымдылық қоры (РФ), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырған. Шақырылған, баяндама оқыған қонақтар қатарында А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, сонымен бірге Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ресей тарихы» кафедрасының меңгерушісі Любичанковский Сергей Валентинович және т.б болды.

А.Байтұрсынов, өмірі мен шығармашылығының аз зерттелген, көпшілік біле бермейтін тұстары Орынбор өлкесімен тығыз байланысты. Демек, кітаптың маңызыдылығы да осында. Ахмет Байтұрсыновтың Орынбордағы тіршілігі, шығармашылығы мен еңбегін таныту, халыққа жеткізу.

Связанные Статьи