Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңа қызметке тағайындалды

/uploads/thumbnail/20180201192433269_small.jpg

Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кетіп, оның орнына Мәулен Әшімбаев сайланған болатын.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи