Марғұлан Сейсембай Қазақстанға қайтып оралатынын мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20180201230008519_small.jpg

Меценат Марғұлан Сейсембай Қазақстанға қайта оралатындығын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Достар,
мен Қазақстанға оралып жатырмын!
Мен қазiр Мәскеудемiн. Менiң және менiң отбасымның қауыпсiздiгiне ең жоғары дәрежеде кепiл берiлдi! Өмiр жалғасуда, бiз бiрге әлi талай-талай жақсы жұмыстарды жасаймыз!
Менiң жағдайымды түсiнiп, ақыл кеменгерлiктi көрсеткен "жоғарыдағы" кiсiлерге (аттарын атамайақ қояйын) рақмет айтқым келедi!
Маған барлық көмектерiн аямай қызмет көрсеткен барлық адамдарға рақмет!
Менiң барлық достарыма, жазылушыларыма бей жәй еместiк үшiн, қамқор мен ниет үшiн көптен көп рақмет!
Қазақстан мен сенi сүйемiн!

Қазақстанда көрiскенше!" - деп жазады Марғұлан Сейсембай.

Естреіңізге сала кетсек, қаңтар айында Марғұлан Сейсембай шетел асып кеткен болатын. Тергеу органдары меценаттың Мұхтар Әбілязовтың қаражатын заңдастыруға қатысы бар деген айып тағылған Ескендір Ерімбетовпен серіктес болғаны үшін жауапқа тартпақ болған.

Елімізге белгілі саясаткер Айдос Сарым Марғұлан Сейсембайдың ісіне қатысты былай деп жазады: "Тергеу органдары кезінде Ескендірмен бірге серіктес болған Марғұлан Сейсембайға да ауыз сала бастаған. Осыдан талай жылдар бұрын атқарған жұмыстарын тілге тиек етіп, тергеушілер Сейсембай мырзаны да жауапқа тартпақ ниет танытқан. Бұны дер кезінде сезіп-түсіне білген кәсіпкер шетел асып кеткен".

Айта кетер болсақ, Марғұлан Сейсембайдың елден кетуі - дүйім жұртты дүрліктірген болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи