Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 24-29 м/с сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жетеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, Маңғыстау облысында түнде жел 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысында күндіз жел 15-20 м/с жетеді. Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Оставить комментарий