Қазгидромет: Демалыс күндері күн суытады

/uploads/thumbnail/20180130084442597_small.jpg

Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайтын болады. Республиканың көптеген өңірлерінде қар, боран және екпінді жел, ал елдің оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Дүйсенбідегі қысқа мерзімді жылудан кейін,  ауа температурасы қайта  төмендейді. Ал Батыс Қазақстанда температураның жоғарылауы жалғасып, нормадан 3-8 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның қалған аумағында бұл күндері ауа температурасы орташа қалыпты сақтайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи