Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті ресми жиналыста еліміздегі дін қызметкерлеріне осындай ұран тастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиналысқа бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Алау Әділбай, Бауыржан Есмахан, ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, мүфтият қызметкерлері қатысты.
«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған. Жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
ҚМДБ төрағасы С.Сатыбалдыұлы наиб мүфтилерге осы бастама аясында кешенді бағдарлама қабылдап, игі жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
Оставить комментарий