Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсті – Сағынтаев

/uploads/thumbnail/20180202172312974_small.jpg

2017 жылы Қазақстан экономикасы 4 пайызға өскен. Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың ісінде ілгерілеу барын атап өтті.

– Былтыр Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы 15,6 миллиард теңгеге жетті, яғни 27 пайызға артты, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жиынға төрағалық етіп отырған Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев басқосуды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Армения премьер-министрі Карен Карапетян, Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков, Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исақов, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев және Еуразиялық экономикалық комияссияның төрағасы Тигран  Саркисян қатысып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи