Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен жаңадан құрылған және атаулары өзгерген басқармалардың басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Батырхан Құрмансейіт, Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы лауазымына Бастар Есқараев тағайындалды.
Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы қызметін Балмаржан Нарбекова атқаратын болды.
Ал Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы міндетін уақытша атқару Асылхан Темірханға тапсырылды.
«Ontustik Tourism Center» туризм орталығының директоры Олжас Шинтаев аталған қызметінен босатыла отырып, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстанда облысты басқару схемасы негізінде 23 басқарманың кейбірінен бірқатар міндеттер алынып, 4 басқарманың атауы қайта ауыстырылған болатын.
Оставить комментарий