Акция сөзін естігенде көбінде қарапайым халық бұл қаражаты бар, қалтасы қалың байлардың ғана иелігінде болады деп ойлайды. Бұл - қате түсінік. Акционер болу үшін банк қызметкері немесе компания иегері болудың қажеті жоқ. Бірақ, кез келген компания акционері болу мүмкін емес. Бұл тек компания шешімі бойынша, инвестицияға қаражат іздеген сәтте ғана мүмкін болады. Яғни, бұл публикалық компанияға айналуы керек. Осыдан кейін, компания жекеменшігінің белгілі мөлшері қол жетімді болған жағдайда ғана сатып ала аласыз..
Ендеше, механизміне тоқтала кеткейік. Акционер болу үшін ең бірінші, сіз брокермен байланысуыңыз керек. (Брокер –фонд рыногі мен сіздің араңыздағы дәнекер, байланыстырушы).
Сіз брокер көмегімен қалаған компания акциясын сатып ала аласыз. Кейінгі шешім өзіңізде. Сіз акцияны саудаға салуыңызға болады. Яғни, жоғарыда айтып өткендей, акцияны сатуға немесе сатып алуға құқығыңыз бар. Екінші жолы – соңына дейін күтіп, акцияның соңғы табысын алсаңыз болады. Бірақ, айта кету керек. сіздің табысты болуыңыз - компанияның жұмысы оң нәтижеде ілгерілеуіне байланысты. Егер, сіз акционер болып отырған компанияның табысы ойдағыдан төмен көрсеткіш көрсеткен жағдайда, өз акцияңызды сатып, көтерілгенін күткеніңіз дұрыс болады. Бұл да бір табыс көзі. Алайда, жіті бақылау мен есепті қажет етеді.
Облигация - сізге қызмет көрсететін бағалы қағаз. Құндылығы - оны сатып алуға немесе сатуға болатындығында. Ерекшелігі - міндеттеме көрінісінде болады. Компания облигацияны табыс көзі ретінде есептейді. Себебі, облигацияны қолдану барысында инвесторға белгілі бір пайызын қайтарып отырады. Нәтижесінде, белгілі бір мерзім аралығында сіз қарызға алған ақшаны банктің өзіне қайтарасыз. Жалпыға ұғынықты тілде айтқанда бұл – несие.
Компанияға несие не үшін керек деп ойлайсыздар? Оның басты себебі - болашағы айқын, табысы мықты компанияның аяғынан тік тұрып кетуіне септігін тигізеді. Яғни, кредитор компания - өзі инвестор, өзі облигацияның иесі. Бұл дегеніміз табыстың қайнар бұлағы.
Облигацияға байланысты пайда қалай түсетінін айтар болсақ, ең бірінші және оңай – НОМИНАЛ.
Облигациялар дисконтпен сатылымға шығарылады. Мысалы, облигацияның номиналды құны 7000 теңге болса, сіз оны дисконтпен 5000 теңгеге аласыз. Қайтарым барысында мен сізге оны номиналды құны, яғни 7000 (жеті мың) теңгемен қайтарамын. Тиімді.
Алайда, кей жағдайда номиналдың бағасы сатып алудан қымбат болуы мүмкін. Таң қалатын дәнеңе жоқ. Бұл жерде нәтижелі табысты көру үшін мерзімнің соңына дейін күту керек. Расында, сіз ұтылмайсыз, қорықпаңыз. Екінші түрі – КУПОН. Компания сізге төлейтін проценттің құны – объект болып табылады. Яғни, сіз табысты процент арқылы алып отырасыз. Төлеу мерзімі - келісімшартқа байланысты әр түрлі болады.
Нурланова Ақбаян
Оставить комментарий