Елордада 2017 жылдың 9 айында ЖІӨ көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға артып, 3 880 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
ЖІӨ құрылымының басым үлесі – қызметтерге тиесілі (48,4%), көтерме және бөлшек сауда – 22,8%, жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар – 9,5%, көлік және қаттау – 6,3%, 12,8% – өндіріс үлесінде. Оның ішінде өнеркәсіп– 4,2%, құрылыс – 8,6%-ды құрайды.
Жан басына шаққанда ЖІӨ 3 892,8 мың теңгені құрады. Бұл республикадағы орташа көрсеткіштен (1 951,5 мың теңге) екі есе артық.
Оставить комментарий