АҚШ-та екі айлық сәбиді егеуқұйрықтар талап тастаған

/uploads/thumbnail/20180203171129163_small.jpg

АҚШ-тың Арканзас штатында жас отбасы қыздарын егеуқұйрықтан қорғамағаны үшін абақтыға жабылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Деректерде көрсетілгендей, 2017 жылдың көктемінде 19 жастағы Эрика Шриок пен 18 жастағы Чарльз Элиот жартылай қирап қалған үйде тұрған, 14 мамырда екі апталық қыздарын қансырап жатқанын көрген. Кішкентай сәбиді егеуқұйрықтар тістеп тастағандығы белгілі болған. Егеуқұйрықтар сәбидің маңдайынан қатты тістеп алғандықтан оған ота жасауға тура келген.

Сәбиге егеуқұйрықтардың шабуыл жасағаны тексеріс барысында белгілі болған. Оның ата-анасын салғырттық танытып, балаларын мұндай қатерден қорғай алмағаны үшін айыптап, қамауға алынған. Сәбидің денесінде жүзден аса жарақат белгілері болған. Мамандардың айтуынша, сәбидің денесіндегі жарақат іздеріне қарап, егеуқұйрықтар оны ұзақ уақыт бойы талағанын білуге болады. Ал ата-анасы бұл уақытта қайда болды, не істеді? Сонымен қатар, сәбидің анасы да, әкесі де есірткі пайдаланғандары белгілі болды.

Эрика Шриок пен Чарльз Элиотты сәбидің өміріне қауіп төндірді деп айыптап, бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Ал сәбиді басқа отбасы асырап алған.

Связанные Статьи