Дональд Трамп: КХДР азаматтарының көбі елін тастап қашуда

/uploads/thumbnail/20180203201317947_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР азаматтарының көпшілігі өз елдерін тастап қашып жатқаны жайында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости дерегіне сүйене отырып.

Жұма күні Дональд Трамп Ақ үйде Солтүстік Кореядан келген бірнеше босқындарды қабылдаған болатын.

«Бүгін бізге ерекше топ келді. Олар – Солтүстік Кореядан келген босқындар. Соңғы жылдары өз елін тастап қашып келіп жатқандар легі көбеюде. КХДР өмір сүруге тым қолайсыз мемлекет, сол үшін де адамдарға ол ұнамайды. Өте үлкен қатер бар», - деді Трамп босқындармен кездесу барысында.

Босқындардың бірі Солтүстік Корея университетінде профессор болғанын айтты. Оның отбасын абақтыдағы саясаткерлер үшін қамауға алмақ болған, сондықтан да 2004 жылы бұл профессор өз елінен қашып шыққан.

Связанные Статьи