Қытайдағы химзауытта жарылыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Синьхуа порталына сілтеме жасап.
Шаньдун өлкесіндегі химзауытта болған жарылыстың салдарынан бір адам көз жұмыс, тағы біреу із-түзсіз жоғалып кетті.
Ланьшу уезі әкімшілігінің хабарлауынша, жергілікті экономикалық даму аймағында орналасқан химзауытта жарылыс таңғы 10:50 шамасында болған, ол уақытта зауытта күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан екен. Жарылыстың салдыран бір адам қаза тауып, алты адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, ал тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ, оқиға орнында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.