«Kazakh Invest» неміс кәсіпкерлерінің инвестициялық жобасын қолдауға дайын»

/uploads/thumbnail/20180205152437265_small.jpg

«Kazakh Invest» пен Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі, елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру туралы  келісімге келді.

Бүгін Алматы қаласында «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Туякбаев пен Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі басшысының орынбасары Катарина Кох арасында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында С.Туякбаев «Kazakh Invest» ағымдағы қызметі, Қазақстандағы шетелдік инвесторлармен жұмыста «бір терезе» принципін енгізу, сонымен қатар шетелдік кәсіпкерлерге ұсынылатын инвестициялық преференциялар туралы айтып берді.

«Біз Германияны Қазақстанға инвестиция салуға арналған үлкен әлеуеті бар басымдықты ел ретінде қарастырамыз. Неміс бизнесі өте икемді, жоғары технологиялы, жаһандық нарықта айтарлықтай өзінің орны бар. Және сондықтан, «Kazakh Invest» неміс бизнесмендерінің инвестициялық жобаларын қолдауға дайын», - деп ата өтті Сапарбек Туякбаев.

Өз кезегінде, Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі басшысының орынбасары Катарина Кох Германияның Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығының тереңдеуіне мүдделі екендігін атап өтті.

«Бізді ұйымға Қазақстанда инвестиция салуға арналған әлеуетті жобаларды іздейтін, неміс бизнесмендерінен сұраныстар түсіп отырады. Біз мұндай қызығушылықтың болуына қуаныштымыз және «Kazakh Invest» көмегімен барлық ұйымдастырушылық сұрақтар, оның ішінде миграциялық сипаттағы мәселелер шешілетін болады деп сенеміз», - деп хабарлады Кох.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар неміс бизнесмендерінің қатысуымен бірлескен инвестициялық шаралар өткізу жайында келісті.

Связанные Статьи