Алаштың арда туған азаматы, қоғам қайраткері Уатқан Жарқынбайұлы ақсақал бүгін Есік қаласында жерленді.
Тәңір ісіне талас жоқ, өзекті жанға бір өлім бары хақ.
Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын! Туған-туыстары мен жерлестеріне қайғырып көңіл айтамыз.
Уатқан Жарқынбайұлы – Ресейде білім алған хирург, қаншама сырқаттың дертіне дауа тапқан адам. Қазақтың халық емін батыс ғылымымен ұштастырған бірнеше медициналық кітаптың авторы.
Моңғолия қазақтарының белсендісі, ақыл айтып, жол көрсетер ақсақалы тәуелсіздіктің алғашқы жылында атажұртқа оралды. Дүниеден дәмі таусылып, жазуы біткен сәтте риза көңілмен аттанғаны анық.
Оставить комментарий