«Өндіріс» тұрғын үй алабының тұрғындары 10 ақпаннан бастап сол жағалауға № 104 жаңа экспресс бағдарында қатынай алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Сусамыр көшесі» аялдамасынан шыққан экспресс бағдар «Азия парк» СОО аялдамасына дейін жүретін болады.
«Автобус «Сусамыр көшесі» бастапқы нүктесінен - Сусамыр көшесімен жүріп, солға Крылов көшесіне өтеді. Бұдан кейін ол оңға бұрылып, Шиелі көшесімен қозғалатын болады. Шиелі көшесінің бойымен жүрген автобус солға Тоқтаров көшесіне, бұдан кейін оңға Кемеңгерұлы көшесіне, Кемеңгерұлы көшесінен Ақбидай көшесіне, Ақбидай көшесінен оңға Өндіріс көшесіне, бұдан кейін оңға Үшқоңыр көшесіне, Тайбурыл көшесі- Игілік көшелеріне өтетін болады. Игілік көшесімен қозғалған қоғамдық көлік оңға бұрылып, Гоголь көшесіне, Гоголь көшесінен Жаңажол көшесіне, Ақжол көшесінің бойымен жүріп, оңға Пушкин көшесіне өтіп, Ж. Ташенов көшесінен солға бұрылып, Шалқыма көшесі – Мәңгілік ел даңғылы- оңға Достық көшесіне – соңғы аялдама «Азия парк» СОО-на жететін болады», - деп жазылған таратылған хабарламада.
Кері бағытта автобус Достық көшесімен жүріп, айналма жолға жетеді («Хан шатыр» СОО арты). Бұдан кейін көлік оңға бұрылып, Тұран даңғылымен жүреді. Тұран даңғылынан солға Достық көшесіне бұрылып, Ақмешіт көшесіне дейін барады. Ақмешіт көшесімен қозғалған көлік оңға Қонаев көшесіне бұрылып, әрі қарай ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүретін болады.
Оставить комментарий