Ауруханаға кеткен екі баланың анасы із-түзсіз жоғалды

/uploads/thumbnail/20180206111354126_small.jpg

Екі баланың анасы, Алматы облысының тұрғыны екі аптадай бұрын ауруханаға кетіп, үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының дерегіне сүйеніп. 

23 жастағы Анастасия Букова жоғалып кеткеннен кейін бір рет байланысқа шыққан.  

«Ол қоңырау шалып, «бәрі жақсы, мейрамханада жұмыс істеп жатырмын», — деді. Сөйлесіп жатқанда Қапшағайда екенін айтып қалды. Бір кезде: «болды-болды, кетуім керек, қожайын күтіп жатыр» деп телефонды сөндіріп қойды», — дейді күйеуі. Күйеуі Сергей Буков әйелінің мұндай мінезін бұрын-соңды байқамағанын айтты.  

Туыстары Анастасияны күшпен ұстап отырғанына сенімді.  

Отбасы жас әйелді іздеуді аудандық ауруханадан бастаған. Белгілі болғандай, Анастасия Букова дәрігерге бармаған. Туыстары ол өздігінен ешқайда кете алмайтынына сенімді, өйткені тіпті қалтасында жолға да ақшасы болмаған.  

Жоғалған әйелді іздеуге тергеушілер мен еріктілер де атсалысып жатыр.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи