Синоптиктер 2018 жыл ақпанның 8-10 күндеріне арналған ауа райы божамын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, Республикадағы ауа-райының өзгеруін анықтайтын, кең ауқымды антициклон Батыс Сібірге қарай баяу жылжуда, онымен бірге аяз да кетеді.
"Оның орнына Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында биіктік циклоны құрылады. Сондықтан алдағы екі тәулікте көптеген облыстарда ауа-райы жауын-шашынсыз болады. 10 ақпанда жағдай өзгереді, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстардағы биіктік циклонының ықпалынан, кейбір жерлерде қар жауып, боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м / с болады", - делінген хабарламада.
Оставить комментарий