ЖЕР САТЫЛМАСЫН! (Ашық хат)

/uploads/thumbnail/20180208152644434_small.jpg

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа,

ҚР Парламент спикерлері, ҚР Премьер-Министрі мен депутаттарға,

БҰҰ мүше елдер Басшыларына,

ЮНЕСКО, Еуропарламент, ОБСЕ – барлығы

67 халықаралық ұйымға

 

АШЫҚ ХАТ

 

Біз, 1,5 млн Қазақстан азаматы – зиялылар, творчестволық Одақтар, оппозиция, журналистер, жұмысшылар, партиялар, 120-дан астам диаспора, халықаралық ұйымдармен бірге 2017 жылғы қарашада Парламент Мәжілісі мақұлдаған жерді шетелге 25 жылға арендаға беруге және сатуға лұқсат беретін «Жер туралы заң» жобасының халық пен мемлекетінің мүддесіне қайшы екенін мәлімдейміз.

Жерді шетелге сатуға, жалға беруге болмайтыны туралы бүкіл халықпен және 2016 жылы ҚР Үкіметі жанынан құрылған Жер Комиссиясы мүшелерімен бірге, Еңбек Ерлері О.Сүлейменов, И. Сауэр, Ж. Үшкемпіров т.б. зиялылар айтқан болатын.

Президент мырза! Бұл заң, Қазақстан халқы мен болашақ ұрпақты шетелдік компаниялардың құлдығына айналдырып, елді қайыршы етеді!

Халықаралық ұйымдардың, мысалы Швейцария банкінің дерегі бойынша Қазақстан сыртқы қарызы көп әлемдегі кедей елдердің қатарына жатады. Халықтың 80%-нан астамы, оның ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, инженерлер, ғалымдардың күндік табысы $0,88-дан (БҰҰ дерегінше $1,0) төмен қайыршылық жағдайда өмір сүруде.

Қазақстан экономикасының көлемі АҚШ экономикасының 1,0%-нан да аз. Сол бір пайыздың ¾ шетелдік компанияларға басқаруға берілген немесе сатылған. Оның ішінде мұнайгаз саласының 40%-дан астамы Қытайға сатылған не басқаруға берілген. Президент Әкімшілігі, Үкімет және Парламент сыбайлас жемқорлық, кенорындарын, стратегиялық объектілер және жерді сатудан басқа не істеп жатыр?! Елді Конституция емес, коррупция, жер мәселесін ҚХР-ның Қазақстандағы елшілігі, мұнайгаз саласын СНПС компаниясы басқаруда!

Тәуелсіз эксперттердің деректері бойынша халықтың билікке деген сенімі нөлдік деңгейге түсті. Билік елдің жағдайын түсінуден қалды. Ел биліктен гөрі, қашқын олигархтарға көбірек сенетін болды.

Қазақстан халқы бұл қылмыстық заңды тоқтатып, шетелдіктерге жерді арендаға беру және сатуға түгелдей тиым салып, 2018 жылдың бірінші жартысында осы уақытқа дейін шетелге берілген барлық жерді мемлекетке қайтаруды талап етеді!

Шетелге, оның ішінде ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ұйғырдың жерін жүз жылға арендаға алып, енді қайтармас үшін осы еңбекқор әрі бейбіт халықты террористер деп отырған ҚХР-ға жер беру мемлекеттік қылмыс болып табылады! ҚХР Вьетнамнан 30 жылға арендаға алған жерін де қайтармай зорлық жасап отыр.

Біз барлық елдермен, оның ішінде көршілермен ашық және теңқұқылы байланысты қолдаймыз.

Қазіргі биліктің жерге байланысты ұстанымы қоғамды тұрақсыздандырып, елді жаппай тәртіпсіздік пен көтеріліске итеруде.

Туған жер – ол Отбасы, Отан және Мемлекеттің негізі!

Жердің иесі – халық! Оны ешкімге сатқызбаймыз және басқаға бермейміз! Барлық қазақстандықтар, қолға қару алып кезінде бабаларымыз фашистерден қорғағандай Туған жерді қорғауға дайын!

Президент мырза! Қазақстан Халқы:

  1. Бұл қылмыстық заңды қабылдамауды;
  • 2001-2016жж жер сатуға жұмыстанған және Стати дегеннің тобымен елге тиімсіз келісімге қол қойған Премьер-Министрлер мен басқа жауаптыларды мемлекеттік қызметтен кетіріп заңға тартуды;
  • Жерді құйтырқы жолмен шетелдіктерге беріп отырғандардың («Бәтуа», «Ыргын», «Манфагат» т.б. ) әрекеттерін заңсыз деп танып, оларды жаптырып, жерді мемлекетке қайтаруды;
  • Ел азаматтарын заңсыз қудалауды тоқтатып, заңсыз сотталғандарды босатуды және осындай істе заңсыз шешім қабылдайтындарды жазалайтын заң қабылдауды;
  • Қоғамдық тыңдау жасамай яғни заңсыз, әрі экологиялық нормаларды бұзып салынып жатқан ҚХР-дің 51 кәсіпорны және елде салынатын барлық кәсіпорынға жан-жақты экспертиза мен қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша шешім қабылдануын талап етеді!
  1. «Статилардың ісіне» байланысты:
  • Кәсіпкер Статиларден Қазақстанға алынған қаржы, сол келісімшартқа қол қоюға қатысқандардың есебінен түгелдей қайтарылсын және рейдерлікпен айналысқандар жазалансын;
  • Қашаған кенорнындағы Қазақстанның үлесін бұғаттау заңсыз деп тауып, алдағы үш айда ол шешім күшін жоймаса, онда бүкілхалықтық референдуммен сол кенорынды түгелдей жабуға шешім шығарамыз!
  1. Шеттегі Қазақстанның қаржысын қайтару:
  • Қазақстан Альянсы, ҚР Ұлттық банкі, Интерпол, Халықаралық журналистер қауымдастығы т.б. бірге Қазақстаннан шетке заңсыз шығарылған әлемнің барлық офшорлары, банктері т.б. жерлердегі қаржыны елге қайтаруға кіріседі.

Билік пен Президенке деген халықтың сенімі жоғарыдағы мәселелерді нақты шешуге байланысты!

Елдегі тұрақтылық, береке және қоғамдық келісімді іске асыратын жоғарыдағы шараларды іске асыруға бір адамдай атсалысақан отандастарымызға алғысымызды білдіреміз және бұл істің оң шешілетініне сенеміз! 

 

Құрметпен,

Қазақстан, Түркия, Венгрия, Франция, Англия, Финляндия, АҚШ, Эстония, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей және Түркіменстаннан Түрік және угро-фин халықтары Конгрессі мүшелері - барлығы 13642 мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым докторлары мен профессорлар, мәдениет қайраткерлері;

Мемлекеттік емес ұйымдардың «Нұр Отан», БСДП, «Ақжол» т.б. партиялар, «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ» АҚ,  «Табиғат» Қазақстанның экологиялық қауымдастық пен кәсіпорындар Одағы, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан халқының Ассамблеясы, ҚР ғалымдар қауымдастығы, ҚР ректорлар, қаржыгерлер және тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастықтары, Жазушылар одағы т.б. бірлестіктер құрған Қазақстан Альянсы қауымдастығы:

 

Зиялылар мен Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері:

Қазақстанның жорналистер қауымдастығы;

Ауған соғысы ардагерлерінің қауымдастығы;

Қазақстанның суретшілер Одағы;

Қазақстанның композиторлар, мүгедектер, зағиптар... барлығы 34 республикалық бірлестіктер мен творчестволық Одақтар.

«Тәуелсіздікті қорғау» (64 қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, редакциялар...біріктірген), «Ұлы Дала қырандары», «Алаш жолы»,   ...тіркелмеген республикалық қозғалыстар;

 

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар қауымдастығының Төрағасы, Экономика ғылымының докторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; 

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері;

ТОҚАШБАЕВ Марат – «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;

КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

 

Республикалық «Алаш жолы» қозғалысы атынан:

Атырау, Құлсары, Ақтөбе, Семей, Шымкент, Алматы, Маңғыстау, Астана т.б. аймақтардан  НУРУПБАЕВ Максат, ҚЫСТАУБАЕВ Геройхан, ЖӘКЕЙ Ғабиден, УАТҚАН Марат бастаған барлығы 15 мыңнан астам қол.

 

Қазақстан ғалымдары, ақын-жазушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері атынан:

 

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ШАХАНОВ Мұқтар – ҚР Төтенше және өкілетті елшісі, «Түрік әлемінің» үздік ақыны, Қазақ Ұлттық кеңесінің Төрағасы;

ӘБДІЛДИН Серікболсын – ҚР Парламентінің экс-Спикері, Мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы. профессор;

ТҰРСЫМБАЕВ Балташ – ҚР Үкіметінің вице-Премьеі (1998-200жж.), ҚР Төтенше және өкілетті елшісі;

АЛДАМЖАРОВ Ғазиз – ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі, мемлекет және қоғам қайраткері;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай – физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҒАББАСОВ Совет-Хан – медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

НҮСІПЖАНОВ Нұрғали – ҚР халық әртісі, қоғам қайраткері;

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ИСАБЕКОВ Дулат – «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

АЙТАЛЫ Амангелді- философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламентінің экс-депутаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

РАУШАНОВ Есенғали – ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке –жазушы, қоғам қайраткері;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» жорналының Бас редакторы;

АРАЛБАЙ Нұғман – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

БАПИ Ермұрат – «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

АЙҒАЛИҰЛЫ Ертай –«Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ИСА Қазыбек  –  "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері.

ТОБАЯҚОВ Бақытжан – ақын, қоғам қайраткері;

ҚУАТ Дәурен – қоғам қайраткері, «Abai.kz” сайтының жетекшісі;

САРЫМ Айдос –  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек – қоғам қайраткері, жорналис;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт – тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

ЕРМАНОВ Жүрсін – ақын, қоғам қайраткері;

НЕСІПБАЕВА Ғалия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Ғалия – ғалым;

ӘЛІБАЕВ Серікбай – ҚР Парламентінің экс-депутаты, қоғам қайраткері;

ҚАЙСАРОВ Уәлихан – Қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің экс-сенаторы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

ТҰРСЫН Хазретәлі – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры;

КАДЫРБАЕВА Айсулу – ақын, қоғам қайраткері;

КУАНЫШАЛИН Жасарал – ҚР Парламентінің экс-депутаты, қоғам қайраткері;

МАЙҒАЗИЕВ Сәкен – композитор, «Мұзарт» тобының жетекшісі;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;

ХАМИТОВ Қуат – аралас жекпе-жектен әлем чемпионы;

НАРЫМБЕТОВ К. – кинорежиссер, қоғам қайраткері;

ҚАНАТБАЕВ Серік – ветеринария ғылымдарының докторы;

КӨШІМ Дос  – «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы;

АҢСАТ Садуақас – «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда);

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

КЕНЕБАЙ Жұмаш – ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді – Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

 ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы;

ҚАНАТБАЕВ Серік – ветеринария ғылымының докторы;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот – ҚР ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

БАБАМҰРАТ Дәурен –  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта – Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы;

ЕГЕУБАЕВ Айдын – «Ұлы дала» қозғалысының Төрағасы;

АЛИБАЕВ Алик – экономист, ЖСДП Президиум мүшесі;

КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері;

ТӨРЕХАНОВ Эрнст –  жазушы, қоғам қайраткері;

МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. – «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ  Дәурен «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі;

СӘДУҰЛЫ Бисенғазы – «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали – саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналис, ғалым;

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын, қоғам қайраткері;

МҰҚАНОВ Дәурен – аудармашы, әдебиеттанушы;

НҰР-АХМЕТ Дос – «Ұлт патриоттары» қозғалысының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. – Талғар ауданы мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. – Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. – журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек – филология ғылымдарының кандидаты;

АҚЖІГІТ Өмірзақ – тәуелсіз журналист;

КӘРІПЖАН Аманғазы – ақын;

АҒЫБАЕВ Берік – ғылым-магистрі, қоғам қайраткері.

Оставить комментарий

Связанные Статьи