Үндістанда кәмелет жасқа толмағандарды ұрлап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін жағдайлар өте жиі кездеседі. Оларды бір күнде 10 адамға қызмет көрсетуге мәжбүрлейді, ұрып-соғады. Қорлықтан құтыла алғандардың арасында ВИЧ ауруын жұқтырып, психологиялық ауруға шалдығып және жүкті болып келетіндер аз емес. Фотограф Сергей Строителев жеңгетайлардан жәбір көргендерге көмек көрсетіп, уақытша баспанамен қамтамасыз ететін үндістандық Rescue Foundation ұйымына барып, фото репортаж жасады.
Белгісіз адамдар 14 жастағы Данешиді 2 жыл бұрын мектепке бара жатқан жолда ұрлап әкеткен. Бір жылға жуық оны Мумбайдағы жезөкшелер үйінде ұстаған. Данешиден бөлек онда 50 әйел болған. Олардың барлығына үздіксіз клиенттер қабылдауға мәжбүрлеген. Полицейлер тексеру барысында Данешиді құтқарып, Бойсар қаласындағы Rescue Foundation ұйымына әкелген.
Rescue Foundation-де бастан өткерген ауыр жағдайдан кейін психикалық ауруларға ұшырағандар үшін ғимарат бар. Олардың арасында 10-12 жыл бойы жезөкшелер үйінде тұрғандар бар.
Кейбір әйелдер ұйымға жүкті болып келеді. Көбінің жасы 14-ке де толмаған. Баласы жоқ қыздар олардың балаларын ойнатып, көмектеседі. Кейде әйелдер ВИЧ ауруына шалдыққанын білмей балаларына ауыр дертті жұқтырып жатады. Қазір Кандевалиде осындай 6 қыз тұрады.
Әминаның жасы 16-да. Оны туған әкесі 6 жыл бұрын Әмина 10 жасқа толғанда жезөкшелер үйіне сатып жіберген. Әминаның ата-анасы есірткіге тәуелді болған. Ол үйінен кеткеніне қуанған. Алайда, алда не күтіп тұрғанынан мүлде бейхабар еді. Әмина 5 жыл жезөкшелер үйінде тұрды. Оны бір жыл бұрын полицейлер жеңгетайлардан құтқарып, ұйымға алып келген. Әмина бастан өткен сұмдық жағдайдан кейін сөйлемейтін болған.
Бойсардағы Rescue Foundation ұйымының жәбір көрген қыздар тұратын ғимараттың сыртқы көрінісі. Ғимаратты қаруланған күзетшілер екі итпен күзетеді. Сонымен қатар, ғимарат тікенді сыммен қоршалған. Мұндай сақтық шаралары қыздарды қайта ұрлап әкетпеуі үшін жасалған.
1999 жылы аталмыш ұйым ашылғанда құтқарылған қыздарды ұрлап қайта жезөкшелер үйіне алып кеткен жағдайлар көп болған. Жоғалған қызды табу мүмкін емес еді. Себебі Үндістанда 50 мың жезөкшелер үйі бар. Жеңгетайлықпен 25 миллион адам айналысады.
Оставить комментарий