Назарбаев Путинге кешегі ұшақ апатында қаза болғандар үшін көңіл айтты

/uploads/thumbnail/20171125140627621_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге кешегі Мәскеу маңында ұшақ жарылысынан қаза болған жолаушылар үшін көңіл айтып, телеграмма жолдады.

Ақорданың баспасөз хатшылығы Ан-148 ұшағында қаза болғандар туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың терең мұңмен қабыл алғанын жеткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

-Қазақстан халқы атынан және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына және жақын адамдарына көңіл айтамын,-деп жазылған телеграммада.

Еске сала кетсек, Ан 148 ұшағы 11 ақпанда Домодедовадан 14:24-те Орынбордағы Ор қаласына жол тартып, 14:28 шамасында радардан жоғалып, Мәскеу маңындағы Рамен аумағына құлаған.

Ұшақта 71 адам болған, жарылыстың нақты неден туындағаны әлі белгісіз.

Оставить комментарий

Связанные Статьи