Америкалық зерттеушілердің бір тобы осы ғасырдың соңына дейін әлемдегі су жағасында орналасқан қалалардың барлығын дерлік су басып кетеді деген болжам жасады. Ғалымдардың осындай болжамдары жазылған Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Мамандар соңғы 25 жылда жасанды серіктерден алынған мәліметтерді теңіздің деңгейінің өсуін болжау үшін қолданған. Белгілі болғандай, 1993 жылдан бері Әлем мұхитының су деңгейі жыл сайын 0,084 миллиметрге дейін өскен. Демек, 2005-2100 жыл аралығында мұхит деңгейі 65 сантиметрге дейін көтеріледі.
Оңтүстік Флорида, Бангладеш, Шанхай, Вашингтонның бір бөлігін жаһандық жылыну салдарынан Гренландия мен Антарктида мұздықтары еріп апаттық жағдай қалыптасады дейді мамандар.
Оставить комментарий