Қазақстан Қытайға нота жолдады (видео)

/uploads/thumbnail/20180203121313117_small.jpg

Қазақстан Қытайға нота жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып. Президенттің тікелей тапсырмасынен кейін 237 күн өткен соң ғана Қытайда қысым көріп жатқан қазақтардың мәселесіне қатысты Қазақстан үкіметі осындай қадамға барып отыр. Қытай тарапы қандай шешім қабылдар екен? Шекараның ар жағында қысым көріп, кейбірі қамалып жатқан қандастарымыздың туыстары бұл шешімді асыға күтетіні анық.

Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәселені биік мінберде алғаш рет Германиядағы қандасымыз айтқан еді. Президент «бұл жағдай туралы енді естіп отырмын» деп сол жерде Сыртқы істер министріне тапсырма берген болатын.

Алайда, содан бері шешімі табылмақ түгілі, Қытайда қудаланған жақындарына араша іздегендердің саны артпаса кемімегені анық. Олар бірнеше рет жиналып, үкіметке арыздарын жеткізбек те болған.

– Ол мәліметтер расталған соң Қытай тарапына ресми түрде, дипломатиялық арналар арқылы дипломатиялық нота жібердік. Сонымен қатар, Бейжіңдегі елшілігіміз, Үрімжідегі паспорттық-визалық қызметтің өкілдері Қытай тарапымен тығыз жұмыс істеп жатыр,- дейді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Связанные Статьи