Алматыдан 207 шақырым жерде бүгін сағат 7:01-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 207 шақырым жерде, Қазақстан территориясында. Бұл туралы сейсмикалық желілер станциясы хабарлайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Жер сілкінісінің энергетикалық классы 9,7. Магнитаудасы MPV 4.7, тереңдігі 5 шақырым”,-деп хабарлайды сейсмикалық станция.
Оставить комментарий