Қазақ тілін қарапайым деңгейден бастап үйренгісі келетіндерге курс ашылды

/uploads/thumbnail/20180219122011625_small.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қазақ тілін қарапайым деңгейден бастап үйренгісі келетін адамдарға арнайы курс ашты.

«Қазақ сөзі» оқу-әдістемелік кешені жобасы аясында қазақ тілін қарапайым деңгейден бастап үйренгісі келетін адамдарды (өзге ұлт өкілдеріне т.б.) жинаймыз. Курсқа наурыз айының аяғына дейін жазыла аласыз.

Біз қазақ тілін ТЕГІН үйретіп қана қоймаймыз, тіл үйренгеніңіз үшін сізге АҚЫ төлейміз. Иә, дұрыс түсіндіңіз! Бізге келсеңіз, тіл үйренесіз әрі ақша табасыз! Сізден күтетініміз – тіл үйренуге деген құлшыныс пен нәтиже», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының мамандары.

Мына нөмірлерге хабарласып, курсқа жазыла аласыздар: 87475013191, 87075181018

Оставить комментарий

Связанные Статьи