Шала туған нәресте шалғай ауылдан Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

/uploads/thumbnail/20180220051152336_small.jpg

ШҚО-ның шалғай ауылынынан жас нәресте тікұшақ арқылы Өскеменге жеткізілді.

Катонқарағай ауылында шала туған нәрестені шұғыл түрде Өскеменге жеткізу қажет болған. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне тиесілі «Қазавиақұтқару» мекемесінің Еврокоптер-027 тікұшағы сәбиді кеше облыс орталығындағы «Ана мен бала орталығына» жеткізді.

«Нәресте өте ауыр жағдайда дүниеге келді. Бекітілген талап бойынша ондай балаларды санитарлық авиациямен орталыққа жеткізуге міндеттіміз. Тікұшақ дер кезінде келіп, баланы Өскемендегі мамандардың қолына аман-есен жеткізді», - дейді Катонқарағай ауданының ауданаралық ауруханың бас дәрігері Арқабек Қадырбаев.

Нәресте әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған ота жасау қажет деп отыр.

«Сәбидің жағдайы ауыр. Кешеден бері ультрадыбыстық зерттеулерден өткізіп жатырмыз», - дейді «Ана мен бала» орталығының бас дәрігері Ермек Омарбеков.

Связанные Статьи