Алматыда қырғыз депутаты екі айға қамалды

/uploads/thumbnail/20180220083850018_small.jpg

Алматы соты Дамирбек Асылбек уулу мен оның екі отандасын екі айға тұтқындауға санкция да берген.

КТК жаңалықтарының мәліметіне сүйенсек, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жемқорлыққа қарсы Бюро бірігіп өткізген операция кезінде біздің шекараға жауапты лауазымды шенділер де құрықталды.

Бас прокуратура таратқан  виеода арнайы жасақтың  қарулы жігіттері мейрамхана не, қонақ үйдің вип-бөлмесіне басып кіріп, үстел басына жайғасқан күдіктілерді шетінен ұстап жатыр. Қолға түскен 35 азаматтың осалы жоқ. Бәрі мемлекеттік шекараны май шелпекке айналдырған лауазымды шенділер.  Үшеуі Қырғызстан азаматы. Олардың арасында қырғыз Жоғары кеңесінің депутаты да бар. Алматы соты Дамирбек Асылбек уулуын  екі айға абақтыға қамады. Бас прокуратура  37 жастағы  халық қалаулысының нақты қандай қылмысқа қатысы барын жариялаған жоқ. Ал «Қырғызстан» партиясының фракциясы осы оқиғаға қатысты шұғыл кеңес өткізіп, мәлімдеме жасады.

–Асылбек уулу Дамирбек «Қырғызстан» партиясының белсенді мүшесі. Ол Қырғызстан атынан түрлі жарыстарға қатысып,  спорт саласына үлкен үлес қосқан. Депутаттың тағылған айыпқа еш қатысы жоқ деген алдын ала ақпарат бар. «Қырғызстан» партиясының парламенттік фракциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрілгі және құқық қорғау  органдарымен тығыз байланыста.  Біз бұл мәселенің оң шешілетіне сенеміз, – делінген мәлімдемеде.

Негізі, ұсталғандардың барлығы  шекарада контрабандамен айналысқан деген айып тағылған.

–Қазақстанға контрабандалық тауар Қытайдан тікелей, сондай-ақ, Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілендірудің көлеңкелі сызбасын, жалған құжаттарды және төмендетілген мөлшер қолдана отырып әкелінген. Күдіктілерге кедендік рәсімдеу және жүкті алып жүруді қамтамасыз ететін Кедендік органдар мен Шекара қызметінің кейбір лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен РФ  жолданып отырған, - деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова

Яғни, заңсыз тауар тасымалына жол ашып беріп отырған шекара басшыларының өздері екен. Олар тұрақты түрде қомақты ауызбастырық алып келген деген күдікке ілініп отыр.  Бас прокуратураның мәліметінше, сезіктілердің қатарында   кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды қызметкерлері, брокерлер, делдалдар, қылмыс әлемінің серкелері де бар. Арнайы операция  барасында құзырлы орган қызметкерелрі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанмен шекарасындағы 9 кеден бекеттерін мықтап  матап алған 8 қылмыстық топты анықтаған.

Ұсталғандардың барлығы  тергеу абақтысында отыр. Күдіктілерден қыруар АҚШ доллары, теңге, қымбат зергерлік бұйымдар мен кедендік декларация табылған. Және шекарада жүк тиелген екі автокөлік те тоқтатылды.

 

Связанные Статьи