Бүгін ҚР Дін істері министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

/uploads/thumbnail/20180221213905814_small.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтті. Алқа мәжілісінің жұмысына ҚР Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, дінтанушы ғалымдар және сарапшылар қатысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Министрліктің 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындылары және ағымдағы жылға жоспарланған міндеттері туралы баяндама жасады.

Министрліктің жұмысы үш стратегиялық мақсатты орындауға бағытталған: зайырлылық принциптерін қамтамасыз ету және діни тұрақтылықты сақтау; азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың серіктестігін дамыту; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастарды тарту үшін жағдай жасау.

Дін саласы

ҚР Президенттің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдама негізінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасы аясында 12 нормативтік құқықтық актіге (3 кодекс пен 9 заң) 53 түзетулер енгізу  қарастырылған. Қазіргі уақытта Заң Парламент Мәжілісіне енгізілді.

2017 жылы тек қана министрлікпен 10 774 интернет-ресурстың мазмұнына талдау жүргізіліп, оның ішінде күмән тудырған 3555 сайт анықталды. Сондай-ақ, 4332 материалға діни сараптама жүргізілді, оның ішінде 196 объектіге теріс қорытынды берілді. Олардың ішінде қылмыстық атқару жүйесіндегі кітапхана қоры да бар. Олардың ішінде 13 деструктивті контент анықталды.

Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы есептік кезеңде еліміздің барлық аймақтарында 250-ден астам іс-шара өткізіп, оған 20 мыңнан астам адам қамтылды. Өңірлерде 249 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жасайды. Олар 2 млн. 500 мың адамды қамтитын 35 мыңнан астам әртүрлі іс-шаралар өткізді.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы және Орыс православ шіркеуімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. ҚМДБ-мен бірге теологиялық білім беру жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдануда. «Нұр Мүбарак» Египет ислам университетін Қазақстанға беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Мешіт имамдарының біліктілік деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. «Нұр Мүбарак» университетінің базасында Экстремизмнің алдын алу саласындағы қайта даярлау институты құрылды. Аталған институтта 65 имам мен маман-теолог дайындықтан өтті.

«Уақып» қайырымдылық қоры құрылды. Имамдарды шәкіртақымен қолдаудың пилоттық жобасын іске асыру үшін аса көмекті қажет ететін мешіттер мен еліміз бойынша 205 дін қызметкер анықталды.

Азаматтық қоғам саласы

«Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасы әзірленді. Құжат 2017 жылдың мамыр айында Парламент Мәжілісіне енгізілді.

«Волонтерлік қызмет туралы» ҚР Заңы қабылданды, волонтерлік ұйымдардың реестрін жүргізу бойынша ережелер қабылданды. Үкіметтік емес ұйымдарға грант тағайындау ережесіне өзгерістер енгізілді.

Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру. 2017 жылы гранттық қаржыландыру шеңберінде 618,5 млн. тенгені құрайтын 57 жоба жүзеге асырылды. Гранттардың үштен бірі өңірлердегі жұмыс пен жергілікті қауымдастықты дамытуды қамтыды. 2017 жылы республика бойынша мемлекеттік әлеумметтік тапсырыс шеңберінде 2 333 әлеуметтік жоба іске асырылды. Үкіметтік емес ұйымдардың сыйлықақыларына 2017 жылы 68 млн. теңге бөлінді.

 «Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорының» жұмысы жолға қойылды. Дерекқорда 2017 жылы 3 мыңға жуық қазақстандық және шетелдік ұйымның тәжірибесі жинақталды.

 «Қоғамдық кеңестердің Үлгілік ережесін бекіту туралы» Үкіметтің Қаулысы әзірленді. Құжатта қоғамдық кеңес жұмыстарының тетіктері нақты жазылған.

Азаматтық қоғам саласында жалпыұлттық диалог шеңберінде басты екі диалог алаңдарының жұмысы қамтамасыз етілді: Қазақстанның азаматтық форумы және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесі.

Министрлік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағытындағы «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыруда. Кіші бағдарлама аясында «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» 2 негізгі бағыты іске асырылуда.

Жастар саясаты

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі міндеттерін ескере отырып, 2020 жылға дейінгі «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары өзектендірілді.

Жастар ҮЕҰ жобаларын қаржыландыру тәсілдері өзгерді. 2017 жылы алғаш рет гранттық қаржыландыру енгізілді. 2017 жылы жастар ҮЕҰ 30,9 млн. теңге сомасында 3 грант іске асырылды.

ҚР Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Кеңесті Мемлекеттік хатшы басқарады, құрамына орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары кіреді.

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша жастардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру мақсатында барлық өңірлерде 2020 жылға дейінгі жастардың бос уақытын ұйымдастыру жоспарларын іске асыру басталды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын жыл сайын беру туралы шешім қабылданды. 2017 жылы жазғы демалыстар кезінде «Жасыл елдің»   24 537 жасағы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға, оның ішінде «Нұрлы жол» объектілеріне - 3 249 адам тартылды.

Связанные Статьи