Трамп мұғалімдерге қару таратып беруді ұсынды

/uploads/thumbnail/20180101114018637_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп  мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге өзімен бірге қару алып жүруге рұқсат етуді ұсынды. Бұл туралы Вести.ру хабарлайды.  Қарулы қылмыскерлерден қорғану үшін  жасырын түрде қару ұстауға рұқсат беру керек дейді ел президенті.

Өткен аптада АҚШ-тың қалаларының бірінде мектепте атыс орын алған.  Осыған байланысты 12 ақпанда Трамп  мектеп мұғалімдері мен оқушылармен кездесу ұйымдастырған.  Кездесуде ол мұғалімдерге арнайы дайындықтан  өту  және олардың өзімен бірге қару алып жүруі туралы мәселелер талқылаған. Президенттің айтуынша, құқық бұзушыларға еркін аймақтарда өз қылмыстарын жүзеге асыру оңтайлы жер.

Сонымен бірге Трамп мектепке күзетшілікке бұрынғы әскерилерді жұмысқа алуды ұсынды.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи