Д.Ақышев: Шетел валютасымен несие алған азаматтардың мәселесі шешіледі

/uploads/thumbnail/20180115123130862_small.jpg

Ұлттық банк шетел валютасымен ипотекалық несие алған азаматтарға қолдау көрсетеді. Бұл туралы еліміздің  ҚР Ұлттық банк төрағасы Алматыда өткен жиында мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп.

Данияр Ақышев «қазір Елбасының жолдауын іске асыру мақсатында 2015 жылы қабылданған «Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру» бағдарламасын кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деді. Ол үшін еліміздің басты қаржылық институты құрылыс компанияларының және коммерциялық банктердің басшылығымен кездесу өткізіп, 2016 жылдың бірінші қаңтарына дейін шетел валютасымен ипотекаға баспана алған отбасыларға көмек көрсету мәселесін талқылаған. Статистикалық деректерге жүгінсек, бүгінде банктерге өздерінің ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру туралы жалпы құны 220 миллиард теңге болатын 30 мыңға жуық өтініш келіп түсіпті.

- Ешқандай қиындық жоқ. Жуық арада қажетті барлық түзетулерді енгіземіз. Біз осы сұраққа қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын тез орындауды жоспарлап отырмыз. Шетел валютасымен ипотекалық несие алған азаматтардың мәселесі биыл түбегейлі шешімін табатын болады,- дейді Данияр Ақышев.

Оставить комментарий

Связанные Статьи