Геннади Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің билеттер бағасы қанша болатыны белгілі болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. Лас-Вегастағы «T-Mobile Arenа»-да 5 мамырда өтетін жекпе-жекке билеттер 27 ақпанда сатылымға шығады. Олардың құны келесідей болмақ:
300 доллар (96 000 теңге), 500 доллар (160 000 теңге), 700 доллар (224 000 теңге), 800 доллар (256 000 теңге), 1 500 доллар (480 000 теңге), 2 000 доллар (640 000 теңге), 2 500 доллар (800 000 теңге) 5 000 доллар (1 600 000 теңге).
Айта кетейік, екі боксшының 16 қыркүйекте өткен бірінші жекпе-жегінің билеттер құны да осындай бағада болған.
Оставить комментарий