Тәжікстанда хиджабқа оранған екі террорист ұсталды

/uploads/thumbnail/20180223110952089_small.jpg

Тәжікстанның Хатлон облысында хиджаб киген екі ер адам ұсталды. Бұл туралы Ca-news.org-қа сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция іздеу жарияланған 1985 жылғы Сафаров Акмал мен 1983 жылғы Нұрғалиев Алишерді ұстаған.

Осыған дейін аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Әйел адамның киімін киген екі ер адам өзге елдегі әскери қақтығысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Күдіктілердің бірі өзінің «Сәләфия» ұйымының мүшесі екенін, террористік соғыс әрекеттеріне қатысу үшін Сирияға кетпек болғанын мойындаған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи