Бүгін ұлтшыл-заңгер Абзал Құспанның туған күні

/uploads/thumbnail/20170816100446536_small.jpg

Бүгін Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі, танымал тәуелсіз заңгер Абзал Құспанның туған күні, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Абзал Құспан 1978 жылы 23 ақпанда өмірге келген. Ол – ұлттық мәселелерге үн қатып жүрген заңгер. Жаңаөзен оқиғасы кезінде ол  құқығы тапталған халықтың жағында болды. 2016 жылы тұтас республикада халық өре түрегелген жер мәселесінде де үнсіз қалған жоқ. Ол үнемі ұлтшылдардың жанынан табылды һәм ұлттың сөзін сөйледі. Қазақтілді БАҚ беттерінде Абзал Құспанның түрлі әлеуметтік мәселелерге орай заңгерлік кеңестері жиі жарияланып тұрады. Абзал Құспан биыл Мәжілісте мақұлданған «Жер туралы» заң жобасына да атсалысып, халыққа барынша тиімді болуына үлес қосты.

Халықтың сөзін сөйлеп, ісін істеп, ұлтына адал қызмет етіп келе жатқан азаматтардың бірі Абзал Құспанды «Қамшы» порталы  2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл», 2017 жылы «Алаш арыстарының 100 ізбасары» медальдарымен марапаттаған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи