Ұлттық банк ескі 1000 теңгеліктердің айналымнан қашан шығатынын хабарлады

/uploads/thumbnail/20180223191128744_small.jpg

«Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту жағдайларының жиіленуіне байланысты, Ұлттық Банк бұл банкноттардың заңды төлем құралы болып табылатынын еске салады. Олар бойынша айналыс мерзімі белгіленбейді. Бұл банкноттар айналымнан табиғи тозуына қарай алынады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ақша

Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымындағы төрағалығына арналған 1000 теңгелік және Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымдағы төрағалығына арналған 1000 теңгелік ескерткіш банкноттар да заңды төлем құралы болып табылатынын еске салады. Олар бойынша айналыс мерзімі белгіленбейді. Бұл банкноттар айналымнан табиғи тозуына қарай алынады.

ақша

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту ескерту жасауға, ал әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 2704-569 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи