Даниал Ахметов: «Біз тәуекелді егіншілік аймағындамыз»

/uploads/thumbnail/20180224102635487_small.jpg

ШҚО әкімі Даниал Ахметов: «Біз тәуекелді егіншілік аймағындамыз, сондықтан жаңа технологияларды белсенді қолдануымыз керек», - дейді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің пікірінше, өңірдің ауылшаруашылығы саласы өкілдеріне өздерінің егіншілік дәстүрін өзгертіп, жаңа технологиялар мен тұқымдарды қолдануды қолға алу керек.   

«Мемлекет басшысы Жолдауда жүктеген міндеттердің бірі, әлемдік тәжірибені жергілікті жағдайға бейімдеуді негізге ала отырып инновациялық жобалармен айналысуымыз керек», – деді Д.Ахметов тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде.

Бұл ретте өңір басшысы тәжірибелік майлы дақылдар шаруашылығын мысалға келтірді. Кейінгі үш жылдың көлемінде аталмыш шаруашылықта майлы дақылдардың жаңа сұрыптары мен будандары өндірілген. Жаңа өнімдер тұқымды механикалық өңдеуден бас тартып, оның орнына толық химиялық өңдеуге көшуге мүмкіндік берді.

Қазіргі күні күнбағыстың үш буданы мемлекеттік сұрыпты сынаудан өткізілуде, олардың екеуі қолданысқа дайын.

Сонымен қатар облыста шетелдік серіктестермен бірлесіп сояның, зығырдың және дәнді дақылдардың сапалы сұрыптарын өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи