ОҚО-да қабірлер ашылып, сүйектер шашылып жатыр

/uploads/thumbnail/20180224113139322_small.jpg

Төлеби ауданы, Зертас ауылындағы ескі зиратта жерленген мәйіттердің қабірі ашылып, сүйектері жартаста шашылып жатыр. Маңындағы бұлақ пен өзен суына ағып кеткендері де бар, деп жазады Otyrar.kz. Ал суды пайдаланатын Тоғыс, Елтай, Қаратас, Сайрам елді мекендерінің халқына қауіп төніп тұр. Дәл осылай дабыл қаққан ауыл белсендісі биліктен араша сұрайды.

Маятас аулының тұрғыны Түймебай Базаров былтыр қазанда қаза болған 65 жастағы құдашасын осы Зертас ауылындағы зиратқа жерлегенін айтқан.  Құдашасының мәйітін ұрпақтары уақыт өте таппай қала ма деген қорқынышын да жеткізген.

Ескі зираттың бір бөлігін су шайған. Жартастағы төмпешіктердегі қабірлер ашылып, сүйектері шашылған. Белсенді азамат бұл суды ел пайдаланып отыр деп те дабыл қағады. Жан айқайымды биліктегілер естісе дейді.

 Зертас ауылының тұрғыны Разия Пернебаева былтыр қораластар жиында дәл осы мәселе көтерілгенін айтады. Қоралас руының биі зират аумағын сақтап қалу мақсатында судың бойына ағаштар егіпті.

Зертас ауылы әкімдігіндегілер зираттағы жағдайдан хабардар. Қандай да бір жұмыс атқаруға аудандағы басшылардың қаржы бөлгенін күтіп отыр. Ал ауылдықтар тез арада шара көрілмесе, зиратты су шайып кететініне сенімді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи