Ғалымжан Молданазар Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін Tengrinews.kz порталының жобасы "The Эфир"-ге сұхбат берді.
Сұхбат барысында белгілі әнші балалық шағын еске ала отырып, оқуды тастап кетіп, жатақханасыз қалғанын айтты.
Айтуынша, ол вокзал мен саябақтарда түнеуге мәжбүр болған. Бұған қоса, Молданазар жол-көлік оқиғасынан кейін оған үш ота жасалғаны жайлы айтып өтті. Ғалымжан Молданазар шетелге жол жүрудің оған ауыр екенін және неліктен достары аз екенін айтып берді.
Ол шығармашылығын дамыту үшін еңбектенбейтін әртістер жайлы ойын айтты. Сонымен қатар, әнші алдағы жоспарлары жайлы айтты.
Молданазардың айтуынша, ол тобындағы әншілермен бірге дебюттік альбом дайындап жатыр және жақында АҚШ-қа кетіп, онда түрлі қалаларда концерт бермекші екен.
Оставить комментарий