Ақтау полициясы жезөкшелікпен айналысатын қыздардың өз жұмыстары жайлы мойындаған видеосын туыстарына жіберуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Lada.kz жазады.
Жезөкшелікпен айналысатынын мойындаған видеоның көшірмесін жезөкше қыздардың туыстарына жіберілетін хатпен қоса жібермек.
Рейд барысында Ақтау полициясы алты «түнгі көбелекті» қолға түсірген. Оның үшеуі Ақтаудың №4 үйінде ұсталған, ал қалғаны жалдамалы пәтерде қолға түскен.
Қолға түскен қыздарға бес айлық көрсеткіш бойынша айыппұл салынды – 12 025 теңге.
Ақтаудың Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Абдуатовтың айтуынша, Ақтауда қолға түсетін жезөкшелердің басым бөлігі ОҚО, Ақтөбе облысы және Қызылордадан келген.
-Олар өздерінің жұмыссыздығын алға тартады. Көпшілігінің ата-анасы қыздарының бұл іспен айналысатынын білмейді, - дейді Абдуатов.
Ал аталған іске пәтер жалдауға берген пәтер иелері де жазасыз қалмайды.
Оставить комментарий