Мумбайда бір топ хирург салмағы 1,8 келі науқас басындаығы ісікті алып тастады. Бұл жайында The Hindu жазады.
Операция алты сағатқа созылған. Хирург Тримурти Надкарнидің айтуынша, бұл әлемдегі ең үлкен ісік болған. Ол емделушінің басының көлемінен үлкен.
31 жастағы Сантала Пала есімді емделушінің басындағы ісік осыдан үш жыл бұрын пайда болған. Алайда дәрігерлер операция жасауға жүрексінген.
Аурудың салдарынан Пала көз жанарынан айырылған, алайда дәрігерлер ісікті алып тастағаннан кейін көзі қайта көреді деп отыр.
Қазір науқас операциядан кейін өзіне келіп жатыр. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Оставить комментарий