Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

/uploads/thumbnail/20171106141025613_small.jpg

Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылып тұрады, кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді, жаяу бұрқасын, батысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің дерегін негізге ала отырып.  

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын  болады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи